Оқиға

СІМ: Торонтода қазақстандықтардың зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ

Қазақстанның дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатқан
Sputnik

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Торонтодағы оқиға кезінде қазақстандықтардың зардап шеккен-шекпенін тексеріп жатыр.

Канадада жүргізуші он адамды қасақана басып өлтірді
  

"Біздің Канададағы дипломаттарымыз жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатып, Торонтода жаяу жүргіншілерді шағын автобустың қағып кетуі салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. Осы сәтке дейін қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті.  25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.