Әлем

Кейт Миддлтон үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Герцогиня салмағы 3,8 килограмм ер баланы өмірге әкелді. Анасы мен сәбиінің хәлі жақсы
Sputnik

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Кембридж герцогі мен герцогинясының үшінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлады Кенсингтон сарайы дүйсенбі күні.

"Кембридж герцогинясы жергілікті уақыт бойынша 11.01 (16.01 аст) кезінде ер баланы өмірге әкелді. Нәрестенің салмағы – 3,8 килограмм. Босанған кезде Кембридж герцогі қасында болды. Анасы мен сәбиінің хәлі жақсы", — делінген сарай хабарламасында, деп жазады РИА Новости.

Принц Уильям мен Кейттің жаңа туған сәбиі тақтың бесінші мұрагері болады. Алдында атасы принц Чарьлз, әкесі принц Уильям, ағасы принц Джордж бен әпкесі принцесса Шарлотта бар.