Тау көшкінінің қозғалысы 19 сәуірде Көлсай көлдерінің маңында байқалған. Оқиға орнына мамандар мен арнайы техника жөнелтіліп, жедел штаб құрылды.
Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың сөзіне сүйенсек, 8 сәуірде сол маңда болған жер сілкінісі тау көшкініне себеп болуы мүмкін.