Әлем

Армения премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді

Бұған дейін ел президенті Армен Саркисян алаңға шығып, ереуілшілермен жүздескен еді
Sputnik

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен қызметтен кетпес бұрын елдің сыртқы геосаяси мәселелерін шешуі қажеттігін ескертті, деп хабарлайды 24.kz.  

Елбасы Саргсянды үкімет басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Еске сала кетейік, Армения астанасында 13 сәуірден бері ереуілдер толас таппай тұр. Тұрғындар елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның премьер-министр қызметіне келуіне наразы.

Оппозициялық топ өкілдерінің айтуынша, ол халықтың хал-ахуалын жетік білмейді. Наразылық акциясына шыққандар шаһардың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. 

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзған жүзден астам адамды қамауға алды.

 Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Армен Саркисян алаңға шығып, ереуілшілермен жүздескен еді. Ол оппозициялық топ басшысы Никол Пашинянмен  тілдесті. Дегенмен олардың не туралы сөйлескені беймәлім.