АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Әлемдегі ең қарт әйел саналған жапон Наби Тадзима 117 жасында көз жұмды.
Көп жасаған әйел Жапонияның оңтүстік-батысында сенбі күні ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Тадзима 2016 жылдың қыркүйегінде ямайкалық Вайолет Браун көз жұмғаннан кейін Гиннестің рекордтар кітабына ғаламшардағы ең қарт әйел ретінде енген болатын. Наби Тадзима Брауннан бес ай кіші болатын.
Жапония тұрғыны Кагосима префектурасындағы Кикай аралында өмір сүрді. Соңғы уақытта ол өмірінің негізгі бөлігін төсегінде жатып өткізді.