Спорт

Әлем чемпионы Головкин – Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады

Лео Сантаның пікірінше, GGG 8-раундта нокаутпен жеңіске жетеді
Sputnik

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Мексикалық боксшы Лео Санта Крус қазақстандық Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады, деп жазады prosports.kz сайты. 

Чарло отандасын нокаутқа түсіріп, Головкиннің белбеуіне үміткер болды – видео

Әлем чемпионы қазақстандықтың оңай жеңіске жететініне сенім білдіріп отыр.

"Мартиросян – жақсы боксшы. Жылдам, ширақ та тәжірибелі. Бірақ, бұл жекпе-жек ұзаққа созылмайды деп ойлаймын. Мен Головкинді құрметтеймін. Мексикалық стилде жұдырықтасады. Меніңше, GGG сегізінші раундта нокаутпен жеңіске жетеді",- деді Крус Boxeo TV берген сұқбатында. 

Еске сала кетейік, аталған кездесу 5 мамырда Карсондағы StubHub Center аренасында өтеді (Калифорния штаты, АҚШ).

Тағы бір айта кетерлігі, букмекерлік кеңселер де біздің отандасымызды айқын фаворит санайды.