Оқиға

Петропавлда Toyota мас жолаушыны қағып кетті – видео

Жаяу жүргінші көптеген жарақат алған, алайда аман қалған
Sputnik

 

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik.  Петропавлда иномарка жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқыс оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. 

 Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ішімдікке тойып алған жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өткен.

Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді

"Toyota автокөлігінің жүргізушісі Батыр Баян көшесінде алкогольді ішімдік ішіп алып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көптеген дене жарақатымен 3-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды", — деп атап өтті ІІД.

Жол-көлік оқиғасы дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Тергеу барысында бірқатар қажетті сараптама тағайындалады.