Оқиға

Шымкентте мектептен жас мұғалімнің мәйіті табылды

Информатика пәнінің мұғалімі неліктен мектеп қабырғасында өзіне қол салуға шешім қабылдағаны әзірге белгісіз
Sputnik

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Шымкент мектептерінің бірінде мұғалімнің мәйіті табылды, деп хабарлады TVK арнасы. 

Ақмола облысында күйеуімен ренжісіп қалған әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Оқыс оқиға 21 сәуір күні Асар шағын ауданындағы мектепте болған.  

1990 жылы туған информатика пәні мұғалімінің мәйіті кабинеттен табылған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шақырылды.  

Дәрігерлер педагогтың көз жұмғанын анықтады, олардың пікірінше, жас жігіт өзіне қол салған. 

Мұғалім қоштасу хатын қалдырған-қалдырмағаны белгісіз. Суицидтің себебі әзірге анықталған жоқ.