Спорт

Футбол матчындағы келеңсіздік: бас бапкер жарақат алды

Түркия кубогінің жартылай финалындағы "Фенербахче" және "Бешикташ" арасындағы матч 58-ші минутта тоқтатылды
Sputnik

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. "Бешикташ" футбол клубының бас бапкері матчтағы тәртіпсіздік барысында жарақат алды.

Түркия кубогі жартылай финалының қарымта матчы келеңсіздікпен аяқталды: "Фенербахче" жанкүйерлері алаң мен "Бешикташтың" ойыншылар орындығына тиындар, бөтелкелер мен оттық лақтырған.

Заттардың бірі "Бешикташ" футбол клубының бас бапкері Шенол Гюнешке тиіп, дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді.

Рrosports.kz басылымының мәліметінше, трибунадағылар төрешінің матчты үш рет тоқтатқанына пысқырып та қарамаған.

Ойын 58-ші минутта 0:0 есебімен аяқталды.