Қоғам

Ресей шекарасында полковникті Қазақстанның президенті екен деп қалған

Бауыржан Момышұлы орденінің иегерін Елбасының "егізі" деп атайды
Sputnik

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Қарулы Күштердің құрметті ардагері Қадырәлі Мұқашевтың айтуынша, оны үнемі Қазақстан президентімен шатастырады екен.

"Мені Нұрсұлтан Әбішұлының егізі деп жиі айтады. Қазақстан мен Ресей шекарасында бір жолы Қазақстанның президенті екен деп қалған", — дейді Мұқашев "Алтай Ньюс" басылымына берген сұхбатында.

Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны биыл 70 жылдық мерейтойын атап өтті.