АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысында жолаушылар мінген микроавтобус аударылды. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан.
Жол апаты сенбі күні таңертең Қордай ауданы, Соған ауылы төңірегінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында болды.
"Микроавтобуста жүргізуші мен он жеті жолаушы болған. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады облыстың ішкі істер депаратменті.
Полиция жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.