Өңірлер

Ақтөбеде екі жігіт жасөспірімді зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Екі жігіт ақша бермей қойған жасөспірімді зорлаған
Sputnik

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде жасөспірімді бірнеше жыл бойы зорлап, еркекпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл туралы дереккөздер "Ақтөбе Таймс" жергілікті басылымына хабарлады.

Белгілі бизнесмен сарыағаштық 7 жасар бала мен анасын қамқорлығына алды

Порталдың мәліметіне сүйенсек, наурызда полицияға он алты жастағы ұл баланың зорланғаны туралы арыз түскен. Кей деректер бойынша оған 2016 және 2018 жылдар аралығында зорлық-зомбылық жасалып келген. Алғаш рет секуалдық алымсақтық жасалғанда 13-14 жаста болыпты.

Қылмыс Рысқұлов көшесіндегі үйдің подъезінде болған. 

Облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі қылмыстық істің қозғалғанын растады. Сотқа дейінгі тергеу амаларды жүргізіліп жатыр екен.

Дереккөздер басылымға айтып бергендей, екі жігітке күдік келтірілген. Олардың бірі кәмелеттік жасқа толмаса, екіншісінің жасы 18-де. Деректердің бірі бойынша, олар жәбірленушіден ақша талап етіп, жасөспірім бермей қойған соң, осылайша жазаламақ болған.