Өңірлер

Қызылорда облысында ҰҚК департаменті басшысы ауысты

Жаңа басшы 52 жаста, ұлттық қауіпсіздік органында еңбек етіп келе жатқанына 25 жыл болған
Sputnik

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болып Мақсұт Баймағамбетов тағайындалды. 

Жаңа басшыны комитет ұжымына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев таныстырды. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен өңірлік департамент басшысы қызметіне Мақсұт Баймағамбетов тағайындалды", — деп хабарлады Қызылорда облысы баспасөз қызметі.

Мақсұт Баймағамбетов 1966 жылы дүниеге келген. Ұлттық қауіпсіздік органдарында 1993 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Бұрын облыс департаменті басшысы қызметін атқарған Таңат Жүнісов Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының басшысы лауазымын иеленді.