АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Біріккен Араб Әмірлігі басшылығы "Байқоңыр" ғарыш айлағын дамытуға инвестиция салу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
БАӘ ғарыш агенттігі төрағасы Ахмад Белхульдің мәліметіне сүйенсек, бастапқы үш жақты келісімге қол қойылған.
"Өткен айда Байқоңырға барып, Ресей, Қазақстан және БАӘ арасында Байқоңырға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеу туралы үш жақты бастапқы келісімге қол қойдық", — деді ол.
Елдің билік өкілдері 2020 жылға қарай Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді аттандыруды көздеп отыр, ал Ресеймен сол мақсатта серіктес болуы мүмкін.