ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметіне сүйенсек, күдіктілер ұзақ уақыттан бері Ақтөбе және Қызылорда облыстарында аса ірі көлемде есірткі тасымалдау, сақтау және сатумен айналысқан. Анықталғандай, есірткі сатудан түскен қаражатқа қылмыстық топ жылжитын және жылжымайтын мүлік сатып алыпты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.