Елордамыз аумағында "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр.
Алты күн ішінде 14 мың борышкер айыппұл төлемегені туралы ескерту алған.
Соңғы деректерге сүйенсек, жол жүру ережесін бұзғандар 22 миллион теңгеден астам айыппұл сомасын тез арада төлепті.
Ал қарызын төлемеген жүргізушілердің көлігі айып тұрағына жөнелтіліп жатыр.
Өз қарызыңыз жайлы qamqor.gov.kz сайтынан біле аласыздар.