Спорт

Шымкенттегі ITF: Қазақстан міндетті түрде финалға шығады

Қазақстандықтар Денис Евсеев пен Григорий Ломакин жарыстың жартылай финалында бақ сынаспақ
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкенттегі осымен екінші фьючерс кезінде турнирдің бірінші ракеткасы – ресейлік Сергей Гаховты ширек финалда ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Өткен сенбі күні 14 сәуірде қарсыластар дәл осы Шымкентте сыйақы қоры 15 мың доллар жарыстың ақтық сынында кезіккен болатын, ол кездесу  6:4, 5:7, 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілген. Бұл жолы да Евсеев Гаховтан басым түсті – 6:7, 7:6, 6:2.

Евсеевтің жартылай финалдық қарсыласы Григорий Ломакин болды, ол ресейлік Богдан Бобровты ұтқан – 7:6, 6:7, 7:6. Осылайша, ақтық сында әйтеуір бір қазақстандық спортшының бақ сынасатыны белгілі болды.