Оқиға

Ақтөбеде сабақ үстінде болған оқушы өлімінің мән-жайы анықталды

Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала бұрын ешқандай дертпен ауырмаған
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде сабақ үстінде көз жұмған қыздың кенеттен жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Ақтауда мектепте мұғалім көз жұмды

5-сынып оқушысы 10 сәуірде мектепте көз жұмған. Сабақ үстінде жағдайы күрт нашарлап, мұғалім жедел жәрдем шақырады.

"Бастапқы себебі – қыз баланың кенеттен жүрегі тоқтап қалған", — деп мәлімет берді Есенаманова баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің кешіккенін жоққа шығарды.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша, аяқ асты есінен танып қалуға байланысты жедел жәрдем шақыру екінші деңгейге жатады. Бұл деңгей бойынша жедел жәрдемнің жету уақыты – 15 минут. Дәрігерлер 14 минут ішінде жеткен. Бірақ қыз баланың көз жұмғаны тіркелді", — деп мәлімет берді Есенаманова.

Басқарма атап өткендей, оқушы ешқандай дертпен ауырмаған. Соңғы екі жылда ауруханаға қаралмапты. 

Өлімінің нақты себебі сараптама нәтижесі бойынша 27 сәуірде белгілі болады.