Өңірлер

Көкшетауда оқушы қызды зорлап кетті

Полиция тергеу мүддесіне байланысты қылмысқа қатысты толық ақпарат берген жоқ
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Көкшетауда кәмелетке толмаған оқушы қыз сексуальдық зорлық-зомбылыққа ұшырады, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.  

Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады

"ҚК 121-бабы 3-бөлігі (кәмелеттік жасқа толмағанға сексуальдық сипатта күш көрсету) бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Күдікті адам анықталды", — деп хабарлады полиция.

Қылмыстық қудалау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.  

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды, деп атап өтті полициядағылар.