Қоғам

Астанада металл гараждар мен баннерлер бұзылып жатыр

"Сарыарқа" ауданында үйлердің аулаларындағы заңсыз конструкциялар құлатыла бастады
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астананың Сарыарқа ауданында металл конструкциялар бұзылып жатыр.

Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
  

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек  Facebook-тегі парақшасында металл гараждар мен жарнама конструкциялары бұзылып, әкетіліп жатқанын хабарлады.  

"Жігіттер, бұлай болмайды! Заң бар, ереже бар! Жарнаманы архитектурамен келісіңіздер де, орната беріңіздер! Ал жеке сектордың тұрғындарынан құрылыс материалдарын жалпыға ортақ аумақта емес, өз үйіңіздің аумағында жинауды өтініп сұраймын! Сондай-ақ аулалардағы металл гараждарды әкетуге кірісіп жатырмыз, балалар алаңдары мен қоғамдық пайдалану орындарының орнына заңсыз құрылыстар тұр. Біздің қаламыз өзімізден басталады!!!", — деп жазды әкім.