АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Алматы облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған Қошмамбет ауылының жас тұрғынын іздеп тапты, деп хабарлады өңірдегі ІІД баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама Қарасай АІІБ-ге 17 сәуір күні түскен, полиция қызметкерлері қыздың туыстарын, мұғалімдері мен облыстық полицияның іздеу бөліміндегі әріптестерін тарта отырып, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.
"Қыз Алматыдан табылды, қазір Қаскелең қаласындағы Қарасай АІІБ-ге алып бара жатыр, сол жерде туыстарының қолына тапсырылады ", — деп хабарлады облыстық полиция.
Таяу уақытта полицейлер оның үйден не үшін кетіп қалғанын анықтайды.