Өңірлер

Алматыда жол полициясы полкінің командирі ұсталды

Полиция майоры Алматыда автокөлікпен кедергісіз жүруді қамтамасыз етті деген күдікке ілінді
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Алматы ІІД жол-патульдік полициясы полкінің командирі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Жетісайда үш миллион теңгеге әжетхана салған әкім парамен ұсталды

Майорды 17 сәуір күні Алматы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ҰҚК қалалық департаментімен бірлесіп тұтқындаған.     

"Бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясы полкінің командирі, полиция майоры М.Т.Байғазинов автокөлік құралымен кедергісіз жүруді қамтамасыз ету үшін 200 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды", — деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Пара алу" 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Байғазинов уақытша ұстау абақтысына қамалды.