Қоғам

Дәрігерлер жаңғақтың жүрекке қандай әсері барын айтты

Ғалымдардың айтуынша, жаңғақтың құрамындағы май, минералдар мен антиоксиданттар жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер етеді
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Жаңғақты тұрақты түрде жеу жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Швециялық дәрігерлер осындай тұжырымға келіп отыр. Олардың жұмысы туралы EurekAlert жазады. 

Ғалымдар әжетхана қағазынан бас тартуға шақырды

Зерттеуге Швецияның 45-83 жас аралығындағы 60 мың тұрғыны қатысқан. Олар әдетте не жейтінін, өмір салты туралы айтып бергеннен кейін дәрігерлер тұрғындардың денсаулығын 17 жыл бойы бақылайды. 

Осы уақытта бұл адамдарда 4983 жүрек ұстамасы тіркелді, оның ішінде 917 адам қайтыс болды. 3160 науқас жүрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан. Сондай-ақ 7550 адамда аритмияның бір түрі анықталды. 

Ғалымдар анықтағандай, жаңғақты көп жейтін адамдардың жүрек жетіспеушілігі дертіне шалдығу қаупі 20 пайызға төмен. Ал айына 1-3 рет жаңғақ жеген адамдарда аритмия 12-18 пайызға сирек кездеседі. 

Дәрігерлердің айтуынша, жаңғақтың құрамындағы май, минералдар мен антиоксиданттар жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер етеді.