Оқиға

Алматыда автобус бойжеткенді қағып өлтірді

Қазір полиция жол апаты орнында оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Алматыда бағдарлы автобус бар жылдамдықпен келе жатып, бойжеткенді қағып өлтірді, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Олардың сөзіне сүйенсек, қайғылы оқиға Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болған. 126-шы автобус Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатыпты.Өтеген батыр көшесінен өте бергенде, алдынан бойжеткен атып шығады, жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен қызды қағып кеткен.

1 / 3
Автобус бойжеткенді басып кетті
2 / 3
Автобус бойжеткенді басып кетті
3 / 3
Автобус бойжеткенді басып кетті

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, 30-40 минут бойы қыздың өміріне араша түскен, алайда ол алған жарақатынан жан тапсырды. Бойжеткен 1994 жылы туған екен.

Қазір полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.