Әлем

Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: бір адам қаза тапқан

Ұшақта 143 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Southwest Airlines әуе компаниясының ұшағы Филадельфия әуежайына шұғыл қонды, бір адам қаза тапқан, деп хабарлады Көліктегі қауіпсіздік бойынша ұлттық кеңестің (NTSB) өкілі MSNBC телеарнасы эфирінде, деп жазады РИА Новости.

Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео

Southwest Airlines әуе компаниясының мәліметінше, Boeing 737-700 ұшағында 143 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. БАҚ хабарлағандай, ұшақ Нью-Йорктен Далласқа ұшып бара жатып, қозғалтқышындағы ақауға байланысты Филадельфияда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, қозғалтқыштың бір бөлігі ұшақтың ішіне кіріп кетіп, жолаушылардың біріне тиген. Кем дегенде бір адам ауруханаға жатқызылды.

NTSB өкілі баспасөз конференциясында хабарлағандай, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. "Бір адамның ажал құшқаны туралы мәлімет бар", — деді ол. Қаза тапқан адамның кім екені туралы хабарланған жоқ. 

CBS телеарнасы хабарлағандай, тағы "12 жолаушыны дәрігерлер қарап, жеңіл-желпі жарақат алған жеті адамға жәрдем көрсетілген".

Ұшақта болған блогер Марти Мартинез бәрін тікелей эфирге түсіріп отырыпты.