Азаматтар АҚШ президенті Дональд Трамптың әскери саясатын қатаң сынға алуда.
Сириялық үкімет басшысы Башар Асад Дума қаласында химиялық қару қолданды деп айыпталған соң, АҚШ, Франция және Ұлыбританияның біріккен күштері Сирия аумағында екі рет зымыран шабуылдарын жасады. Бірінші шабуыл 14 сәуір күні таңертең Дамаск және Хомста болса, екіншісі 17 сәуірде Шайрат әуе базасына бағытталды. Зымырандардың басым көпшілігін сириялық әуе қорғанысы жойып отырған.