Өңірлер

Алматы облысындағы арнайы операция: үй тонаушылар тобы құрықталды

Олардың 32 тонаушылыққа қатысы бары анықталып, жалпы шығын көлемі 7 миллион теңгеден асып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында жеке тұрғын үйлерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Арнайы операция: Қазақстанның үш өңірінде қауіпті қылмыскерлер ұсталды

Арнайы жедел іздеу шаралары барысында 20 мен 25 жас аралығындағы үш ер адам ұсталған, әрқайсысы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. 

Ұсталғандардың биыл жыл басынан бері Талғар ауданының әртүрлі елді мекендерінде болған 32 тонаушылыққа қатысы бары дәлелденді. Қылмыскерлер үйлерге кіріп, компьютер, телевизор, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды заттарды тонаған. Бастапқы шығын сомасы 7 миллион теңгеден асады.

Талғар аудандық соты бұлтартпау шарасы ретінде күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды.