АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. "Барыс" хоккей клубының швед қақпашысы Хенрик Карлссон Қазақстан азаматтығын алып, енді ұлттық құрама құрамында жарыстарға қатыса алады, деп хабарлады Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты (IIHF).
2010–2012 жылдары ҰХЛ-ның "Калгари" клубында ойнап жүріп, Швеция құрамасына шақырылған еді, бірақ IIHF басшылығымен өтетін бірде-бір жарысқа қатысқан емес.
IIHF мәлімдегендей, ресейлік хоккейшілер Роман Рачинский, Егор Шалапов, Дмитрий Гурков пен Егор Петухов спорттық азаматтықтарын Қазақстан азаматтығына айырбастады.