Өңірлер

Колледждің екі қызметкері өздеріне 10 млн теңге жалақы "тағайындаған"

Аграрлық-техникалық колледждің бас есепшісі мен экономисі 10 миллион теңгеден астам қаржыны өздеріне заңсыз аударған
Sputnik

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қызылорда облысының мемлекеттік аудиторлары Қармақшы аграрлық-техникалық колледжіндегі ірі қаржылық заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрлігі.

Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

"Колледждің бас есепшісі мен экономисі жеке карта-шоттарға жалақы түрінде 10,3 миллион теңгені негізсіз аударған. Осылайша Қазақстан Республикасы үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысы бұзылған", — деп хабарлады қаржы министрлігі. 

2017 жылы бас есепші бір жылға заңды түрде қарастырылған 1,6 миллион теңгенің орнына өзінің жеке карта-шотына 8 миллион 052 мың теңге, ал экономиске 1 миллион 168 мың теңгенің орнына 3 миллион 915 мың теңгені жалақы, еңбек демалысы мен сыйақы түрінде аударған.     

Қазіргі таңда колледжде қызметкерлерге жалақы, еңбек демалысының ақысы мен өтемақы төлемдерін заңға сай аудару мақсатында аудит жүргізіліп жатыр.