Өңірлер

Ақмола облысының прокуроры жалған нөмірлі көлікпен жүрген

Құқық бұзғаны үшін аудандық прокурор айыппұл төлейді әрі шенеунік жұмыстан шығып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында аудандық прокурорға жалған нөмірлі көлікпен жүргені үшін айыппұл салынды.

3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды

Сот актісіне сүйенсек, аудан прокуроры А. есімді тұлға 2017 жылы 24 қарашада Щучинск қаласында жалған нөмірлі Toyota Land Kruiser көлігімен жүрген. Полицейлер соған байланысты әкімішілік хаттама толтырыпты. 

Бурабай аудандық сотының қаулысымен А. есімді азамат айыпты деп танылып, 20 АЕК – 45 мың 380 теңге айыппұл салынды.

Бұған наразы болған сотталушы Ақмола облыстық сотына арыз берген. Шағымында көліктің мемлекеттік нөміріне мән бермегенін айтыпты.

Азаматтық істер бойынша сот коллегиясы бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды. 28 ақпанда үкім оқылып, күшіне енген.

Бурабай ауданы прокуратурасының мәліметінше, қадағалау ведомствосының бұрынғы басшысы өз еркімен жұмысынан кетіпті.