Спорт

Қазақ жігіті қарсыласын 30 секунд ішінде нокаутқа жіберді – видео

Жарысқа қатысқан үш қазақстандықтың арасынан Еркін Дәрменов қана жеңіске жетті
Sputnik

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Шешенстан республикасында Berkut Young Eagles 2: Grand Prix 2018 турнирінің 1/8 финалы кезеңі өтті, деп жазды Sports.kz.  

Үш қазақстандықтың біреуі ғана жеңіске жетті. Еркін Дәрменов "Беркут" клубының аралас жекпе-жек шебері Ахмед Магомедовті бар болғаны 30 секунд ішінде нокаутқа түсірді. Осылайша, қазақстандық келесі Гран-при раундына жолдама алды. 

Айта кетейік, қазақстандық Райымбек Орынбай мен Дмитрий Ермолаев жеңіліп қалды, алғашқысы төрешілер шешімімен есе жіберсе, екіншісі техникалық нокаутпен ұтылды.