АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер жапониялық Риото Муратаға (13-1, 10 КО) қарсы жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz.
Головкиннің WBA (Super) белбеуіне міндетті үміткер Мурата таяуда өз титулын сәтті қорғап қалды. Ал оның промоутері күзде Токио қаласында Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды.
"Мурата Жапонияда жақсы жекпе-жек өткізді. Ол өз елінде өте танымал. Головкин Муратамен Токиода жекпе-жек өткізетін болса, Tokyo Dome стадионында көрермендер көп болатыны сөзсіз", — деді Леффлер.