Спорт

Карпенко: "Астана" ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне өтуге міндетті

"Астана" жексенбі күні Қазан қаласында УНИКС-тен 75:90 есебімен ұтылып қалды
Sputnik

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. "Астана" баскетбол клубының бас бапкері Михаил Карпенко атап өткендей, команда міндетті түрде ВТБ бірыңғай лигасының плей-офф кезеңіне шығуы тиіс, өйткені бұл Қазақстанда баскетбол бар екенін дәлелдейді.

"Астана" жексенбі күні Қазан қаласында УНИКС-тен 75:90 есебімен ұтылып қалды. Қазір лигада 11-орында тұр, плей-офф кезеңіне өтуге толық мүмкіндігі бар. 

"Әлбетте, командамыз қалай да ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне өтуге міндетті. Астана үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де елде баскетбол бар екенін дәлелдейтін жақсы көрсеткіш. Плей-оффқа өтуіміз Қазақстандағы баскетболдың дамуына жаңа қарқын береді. Мақсатымыз плей-офф кезеңіне өту, соған жетуге тырысамыз", — деп атап өтті Карпенко.