Қоғам

Ғалымдар бір орында тапжылмай ұзақ отырудың неге әкеп соғатынын айтты

Мамандар тіпті жоғары физикалық белсенділік те миды ұзақ отырудың салдарынан қорғай алмайтынын атап өтті
Sputnik

АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Лос-Анджелесте Калифорния университетінің зерттеушілері бір орында ұзақ отырудың жаңа қаупін анықтады. Ғалымдардың жұмысы PLOS One басылымында жарияланған, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Ғалымдар қалай дұрыс ұйықтау керек екенін айтты

Ғалымдардың мәліметінше, бір орында тапжылмай ұзақ отыру есте сақтау  жұмысында маңызды рөл ойнайтын ми аймағының жұқаруына әкеп соғады екен. 

Мамандар 45 пен 75 жас аралығындағы 35 ерікті арасында сауалнама жүргізіп, олардың қаншалықты ұзақ отыратынын анықтады. Белгілі болғандай, бір орында көп отыратын адамдарда есте сақтауда маңызды рөл алатын үлкен ми сыңары қыртысының самайлық үлесінің орта бөлігі жұқарған. 

Зерттеушілер тіпті жоғары физикалық белсенділіктің өзі миды ұзақ отырудың салдарынан қорғай алмайтынын атап өтті.