АСТАНА, 14 cәуір — Sputnik. Алматы облысында видеода жасөспірім қызға қол жүгірткен жігіттің кім екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
Доппен ойнап жүрген қызға жас жігіттің тиіскені түсірілген видео WhatsApp мессенджерінде тараған болатын.
Алматы облысы полициясы осы видеоға қатысты мәлімет берді.
"Қарасай ауданы полициясына түсірілген шағым бойынша кәмелеттік жасқа толмаған болып шыққан 13 жастағы күдікті анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп түсіндірді ведомство.
Полиция атап өткендей, қылмыс құрамының жеткіліксіздігі мен кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты ер балаға қатысты қылмыстық қуғындау тоқтатылады.