АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Полиция "Қарағанды-2015" аруы атанған Рената Нұрғазинаның үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
"Рената Нұрғазинаға қатысты "Билік өкіліне тіл тигізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", — деді баспасөз қызметіндегілер.
Олардың айтуынша, қыз жол полициясының қызметкерлеріне тіл тигізген.
Айта кетсек, бұған дейін интернетте пайда болған видеода Қарағанды аруы 8 наурызда оны жол полицейлері тоқтатқанын айтады. Ол видеоның астына балағат сөз жазып қойған. Оның бұл жазбасын Нұрғазинаның парақшасына жазылған қыздардың бірі ішкі істер министрлігіне жіберіп, оны жауапкершілікке тартуды талап етіпті.