АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. "Жас ұлан" республикалық мектебінің оқушысы жоспарлы оқу-жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.
"ҚР қорғаныс министрлігі басшылығы оқушының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", — делінген хабарламада.
"Жас ұлан" республикалық мектебі оқушыларға мемлекеттік және шет тілдерін тереңірек үйретуге, әскери тәртіпке бейімдеуге, сонымен бірге физикалық дайындығын жетілдіруге бағытталған. Мектеп-интернаттар Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында бар.