Оқиға

Жас ана бес айлық сәбиін өлі күйінде тауып алды

Полицейлер анықтағандай, әйел адам мас күйінде сәбиін емізіп, ұйықтап қалған
Sputnik

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында Сарыкөл ауылында таңертең ұйқыдан тұрған әйел қасында жатқан сәбиінің шетінеп кеткенін көрген.

Алматыда жоғалған екі жасар бала өлі күйінде табылды

Оқиға 5 сәуір күні таңертең болыпты. Сағат тоғыз кезінде Сарыкөл АІІБ-не Сарыкөл ауылында бес айлық сәбидің денесі табылғандығы хабарланды. 

"Алау" басылымына облыстық ішкі істер департаменті хабарлағанжай, 28 жастағы әйел мас күйінде баласын емізіп, ұйықтап кетіпті. Таңертең тұрғанда, сәбиінің шетінеп кеткенін білген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.