АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Әжейді қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды alau.kz жергілікті басылымы.
Жол апаты оқиғасы 4 сәуірде сағат 10.00 кезінде болған. Белгісіз біреулер жолдан өтіп бара жатқан 68 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Туған-туыстарының айтуныша, әжей есінен танып қалып, қазір көптеген жарақатпен ауруханада жатыр. Жәбірленуші көліктің ашық түсті Audi екенін ғана есте сақтапты.
Полиция іздеу шараларын жүргізіп жатыр.