Қоғам

Астана саябағында жаңа аттракцион іске қосылады

Экстрималды емес отбасылық аттракционның 14 кабинасы бар, орындар саны 56 адамға есептелген
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Астана қаласының Астаналық саябағында осы жазда италиялық "Айналаны шолу" аттракционы орнатылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен теңіз жануарларының саябағы ашылды

Елорданың  20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астаналық саябақта жаңа аттракцион ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір аттракцион іске қосылып, қуантпақ. Бұл экстрималды емес отбасылық аттракцион, жалпы кабиналар саны 14, отыратын орындар саны 56 адамға есептелген.

Аттракционның биіктігі 22 метр, бұл жерден жағалауға, Тұран даңғылына және Есіл өзені арқылы өтетін жаңа жаяу жүргіншілер көпіріне көз салуға болады.

Аттракционның іске қосылуы және ашылуы 2018 жылдың мамыр айының бірінші жартысына жоспарланып отыр, қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, еліміздегі ең үлкен "Айналаны шолу" аттракционы да елордамызда орналасқан. Оның биіктігі 65 метр, салмағы 270 тоннаға жетеді. Әр кабинаның сыйымдылығы — алты адамға дейін, жүк көтергіштігі — 600 кг.