Спорт

Головкин бір белбеуінен айырылып қалуы мүмкін

Украиналық Сергей Деревянченконың өкілдері IBF-тен осы ұйымның белбеуін міндетті қорғауы үшін дереу GGG-ге қарсы жекпе-жек белгілеуді сұраған
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Boxingscene.com сайтының мәліметінше, 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке қарсылас іздеуге қатысты жағдай Геннадий Головкин мен оның командасын тығырыққа тіреді, деп жазды Sports.kz.

Белгілі болғандай, IBF белбеуіне міндетті үміткер украиналық Сергей Деревянченконың өкілдері ұйымнан дереу GGG-ге қарсы жекпе-жек белгілеуді сұраған.

Абсолютті әлем чемпионы Головкин қай боксшыдан қорқатынын айтты

Геннадий соңғы рет бұл титулды 2016 жылы Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекте қорғаған екен. Соған қарамастан, Головкинге әлеуетті қарсылас ретінде америкалық Ванес Мартиросян мен бразилиялық Ямагучи Фалькао қарастырылып жатыр. 

Егер IBF Деревянченко өкілдерінің өтінішін қанағаттандырып, алайда Головкин басқа біреу айқасуға шешім қабылдаса, ұйым қазақстандықты өз тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Головкин белбеуді жоғалтқысы келмесе, Деревянченкомен кездесу үшін 5 мамырдағы жекпе-жегін басқа күнге ауыстыруға мәжбүр болуы ықтимал.  

IBF әлі шешім қабылдаған жоқ.