Спорт

Қазақстандық боксшының нокауты канадалықтарды таңғалдырды

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын 31 секундта нокаутқа жіберген болатын
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Менеджер Анна Рева Sports.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық шәкірті Садриддин Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі жарқын жеңісін канадалықтар қалай қабылдағанын айта келе, бұл боксшының болашағы туралы пікірін білдірді. 

Қазақ жігіті мексикалық боксшыны 35 секундта нокаутқа түсірді

"Канадалықтар қатты таңғалды, кейбірі тіпті не болғанын түсінген жоқ, өйткені жекпе-жек өте қысқа болды. Біздің промоутерлер оған үлкен үміт артып отырғанын ғана атап өте аламын. Жанкүйерлердің көбісі оны танымайтыны түсінікті, алайда бұл уақыттың еншісіндегі шаруа", — деп есептейді боксшының өкілі. 

Естеріңізге сала кетейік, Садриддин Ахмедов мексикалық Тони Баррерасты жекпе-жектің 31 секундында нокаутқа жіберді.