Қоғам

Назарбаев Алжир президентіне көңіл айтты

Алжирдің солтүстігінде әскери ұшақ құлап, 250-ден астам адам қаза болды
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Алжирде ұшақ апатқа ұшыраған жерде 247 адамның денесі табылды
Қазақстан президенті Алжирдің Буфарик қаласы маңында жүк тасымалдайтын әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алжирдің солтүстігінде әскери ұшақ құлап, 250-ден астам адам қаза болған еді.