АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Қостанайда өзеннен бір жұма бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады alau.kz.
53 жастағы ер адам 5 сәуір күні жұмыстан шығып, сол күйі үйіне оралмаған. Полицейлер, туысқандары мен еріктілер Қостанай тұрғынын бірнеше күн іздеді. 11 сәуірде Амангелді кенті аумағындағы Тобыл өзенінен ер адамның денесі табылған.
"Солтүстік өңірлік аэромобильді жасақ күштерімен мәйіт судан шығарылды. Ер адамның неден көз жұмғаны анықталуда", — деп мәлімдеді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.