Лоскутова: каждый третий в республике автобус не прошел техосмотр
© Sputnik . Баубек Коныров
"Рейс алдында бақылаудан өтпей жолға шыққан автобустар анықталды. Шығыс Қазақстан облысында Петропавловка ауылының мектеп автобусы жүргізушісі ұсталды. Мас күйінде 19 адамды, оның ішінде 15 баланы тасымалдаған. Аталмыш дерек бойынша, сот үкімімен көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды", — деп мәлімет берді Лоскутова Астанадағы баспасөз мәслихатында.
Жалпы, Бас прокуратура мәліметінше, елімізде 800-ден астам тасымалдаушы тіркелген, 34 автовокзал, 138 автостанция мен 109 жолаушыларға қызмет көрсету бекеті бар.
Жыл сайын қалааралық бағдармен жүретін жолаушылар автобусы орташа есеппен 120 рет жол апатына ұшырайды, салдарынан 70 адам қаза тауып, 370 адам әртүрлі жарақат алады.
Толығырақ аудиоматериалдан тыңдай аласыздар.