Әлем

Алжирде ұшақ апатқа ұшыраған жерде 247 адамның денесі табылды

Ил-76 сәрсенбі күні таңертең Блида провинциясындағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілген соң бірнеше минутта құлаған
Sputnik

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алжирдің солтүстігіндегі әскери ұшақ құлаған жерде 247 адамның денесі табылды.

БАҚ: Алжирде екі жүз адам мінген әскери ұшақ құлады

Бұл туралы "Ан-Нахар" телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бірақ апат құрбандарының саны 257 адамға дейін өсуі мүмкін екен: БАҚ мәліметінше, бортта 247 әскери және 10 экипаж мүшесі болған. Бастапқы мәлімет бойынша, олар қаза тапты.

Алжир қарулы күштерінің Ил-76 ұшағы сәрсенбі күні таңертең Блида провинциясындағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілген соң бірнеше минутта құлаған.

Құтқарушылар оқиға орнында бір зардап шегушінің тауыпты, алайда ол жолаушылар қатарына кірмеген. Ер адам әл үстінде жатыр.