Өңірлер

Ауа райы болжамы: күн 30 градусқа дейін ысиды

12-14 сәуірге арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстан аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттардың ықпалынан кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр және қар аралас жауын жауады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстігінде ауа температурасы аздап төмендейді.

Еліміздің оңтүстік және шығысына фронттардың артынан Орта Азиядан жылы ауа ығысады. 13 және 14 сәуірде күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 20-25-ке дейін, кей жерлерде 27-30 градусқа дейін, шығыста 13-18, кей жерлерде 21 градусқа дейін күн жылынады.

Қызылорда және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланған. 12 сәуірде Қызылорда облысының кей жерінде тұман, күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

12-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел болады.