Өңірлер

Базар маңынан табылған мәйіт: Оралда полиция күдіктіні ұстады

Екі күн бұрын аула сыпырушылар базар аумағынан ер адамның мәйітін тауып алған еді
Sputnik

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Оралда базарда адам өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 сәуірде сағат 08.45-те "Шебер" базарының маңында денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. 

"Жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласы Абай ішкі істер басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деді полиция. 

Еске сала кетейік, Оралда екі күн бұрын таңертең аула сыпырушылар базар аумағын тазалау кезінде ер адамның мәйітін тауып алған еді.