АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ең қауіпсіз сауда орталықтарының тізімін ұсынды.
ТЖД атап өткендей, 2 сәуір мен 6 сәуір аралығында 22 нысанды тексеру басталды. Нәтижесінде 388 ереже бұзу жайты анықталған.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Алматы ТЖД келесі нысандарды қауіпсіз деп санайды:
- "Достық Плаза" СОО;
- "Глобус" СОО Абай даңғылы, 109 "В";
- "Спутник" СОО Мамыр-1 шағын ауданы 8 "А";
- "Март" СОО Р. Зорге көшесі, 18/4;
- "ТехноДом" СҮ Наурызбай батыр көшесі, 49/61;
- "Тастақ" базары Төле би көшесі, 266;
- "Өжет" базары Бекболат көшесі, 2/91;
- "Қазына" базары Солтүстік шеңбер 64;
- "Сайран" автовокзалы Төле би көшесі, 294.