Экономика

Ұрланған 2,7 млн АҚШ доллары елге қайтарылды – Бас прокуратура

"Samsung Electronics" компаниясының бұрынғы қызметкері 4 миллион доллардан астам қаражат ұрлаған
Sputnik

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Бас прокуратураның араласуымен ұрланған 2,7 миллион АҚШ доллары елге қайтарылды, деп хабарлайды қадағалаушы органның баспасөз қызметі. 

Қазақстан Швейцариядағы банкте жатқан ұрланған ақшаны елге қайтарады

Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен "Samsung Electronics" компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс жүргізген. 

"Аталған компанияның бұрынғы қызметкері Т.Ж. Наурызбаевты елген қайтару Қазақстанның Бас прокуратурасы мен АҚШ Әділет департаментінің тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Наурызбаев 4 миллионнан астам долларды қолды қылған. Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражаттың көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілді.

Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды. 

Ол  биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық соттың үкімімен қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.